Қазақстан мен Қытай елі арасындағы тауар айналымы артты. Тек қана «Достық» станциясы арқылы жүк тасымалы 15 миллион тоннаға жетті. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Достық-Мойынты бағытында жаңа желі салу қажеттілігін айтқан болатын. Екі ел арасындағы тауар айналымды еселеу үшін шегаралы аймақта жаңа терминалдар салу міндеттелген.