Қазақтың құсбегілік өнеріне өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы оянып келеді. Жетісу облысында Иван Лавров есімді жас жігіт ителгі баптап жүр. Текелі қаласының тұрғыны бірнеше халықаралық байқауға қатысып, сұңқарының бабы мен бағын сынап көрді. Ұлттық спортқа ден қойған жасты «Жетісу саятшылары» федерациясының құсбегілері баулып, қатарға қосуда.