«Бәрінің бірдей ойлағаны— ешкімнің ештеңе ойламағаны» деген. Жетісу телеарнасында ақыл-ойды дамытып, пікір қалыптастыруға баулитын Ділмар тележобасының 2-маусымы басталды. Республикалық деңгейдегі сөз бәйгесіне Қызылорда,Түркістан, Абай, Жамбыл және Алматы облыстарының командалары жиналған. Бүгін доданың алғашқы түсірілім күні өтті.