Бала құқығы – басты құндылық. Алматы қаласында кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істейтін мамандар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Жиынға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облысының мамандары арнайы шақырылды. Олар зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары мен кәсіби біліктілікті арттыру бойынша тәжірибе алмасты. Игі іске «Samruk-Kazyna Trus» мұрындық болған.