Бүгінде теледидарды қосып қалсаң, әлеуметтік желіні ашып қалсаң балаларға қатысты шулы жаңалықтардан көз сүрінеді. Тәрбиешісі таяқтады, тамағы дұрыс болмады, қызыма тиісті, ұлымды ұрды тағысын тағы… Бірақ балабақшадағы бөбек соққыға жығылып, ауруханаға түсті дегенді есітмеген едік. Жүре берсең көре бересің деген. Дүйім елді дүрліктірген балабақшадағы бұзақылыққа не себеп? Қазіргі балалар неге қатыгез боп барады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.