«Батамен ер көгерер» республикалық конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Бата беру дәстүрін жаңғырту мақсатында өткен байқауға ең көп қатысушы Маңғыстау мен Жамбыл облысынан болған. Бір ай бойы ел азаматтары әлеуметтік желі арқылы батаны видеомен жолдады.