Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік мәселемен келген. Яғни мемлекет меншігінен тұрғын үй бөлу, жалдамалы баспананы жекешелендіру және материалдық тұрғыдан көмектесуді сұрады. Облыс басшысы барлығын мұқият тыңдай келе, баспанамен қамту мәселесі тек заң шеңберінде шешілетіндігін жеткізді.