«Президент бастаған реформалардың түпкі мақсаты — халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасау». Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласы тұрғындарымен кездесуін әкімдік міндетін айшықтайтын осы бір сөздерден бастады. Баяндамасына да дәл осы мақсатта атқарылып жатқан нақты жұмыстарды арқау етті. Облыс беталысын, бүгіні мен болашағынан кеңінен хабардар етті.