«Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Ел Президенті тұжырымдамасының талаптары жүзеге асып жатыр. Бүгін Жетісу облысы әкімдігі жанынан құрылған азаматтарды қабылдау орталығында өңір басшысы Бейбіт Исабаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тілек-өтініш сан түрлі.