Алматы облысындағы Бесағаш ауылында топырақ көшкіні жүрді. Салдарынан екі үйге зақым келген. Бірі сүрілді. Ал бірінің жарты бөлігі мен ауласы бүлінген. Бір қуантары, тұрғындар дін аман. Зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ. Жар етегіндегі үйдің ауласын топырақтан тазарту жұмыстары жүргізілді.