Ұрлық түбі қорлық. Жетісу облысында білдей бір кәсіпорын басшысы көмірге бөлінген қомақты қаржыны қолды еткен. Жымқырған бюджет қаражатының көлемі — 100 млн теңге. Сот үкімімен «Алакөлжылу» мекемесінің бұрынғы директоры 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Прокуратура мәліметінше, ол қатты отынға бөлінген қаржыны өзге коммуналдық кәсіпорын басшысымен ымыраласа, аффили-ирленген компания арқылы рәсімдеген. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.