Ашық та бүкпесіз сұрақ-жауап. Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері білім саласындағы проблемаларды талқылады. Аймақтың бас мұғалімі Марат Сүлейменов кеңес алдында есеп берді. Саладағы проблемаларды қалай шешіп жатқанын баяндады. Бірі — мектептердегі заңсыз жиын-терін. Жаңа оқу жылынан бастап, жалпы бұйрық негізінде тыйым салдық деп қуантты.