Бірыңғай уақыт белдеуіне көштік. Жаңашылдықтың жақсы тұстары жетерлік. Пошта байланысы, логистика, жолаушылар тасымалы мен тұтас экономиканы ілгерілетуге ықпалы болады. Алайда өзгеріске үйрене алмай, сағаттан шатасып жұмысқа ерте барып алған адамдар да бар. Уақыттың ауысуын халық қалай қабылдады? Тұрғындардың көзқарасы қандай?