Сарқан ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу. Биыл 100 мың гектардан аса аумақ игерілмек. Яғни, егіс алқабы 2,7 мың гектарға ұлғайып отыр. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Аймақта атқарылған жұмыстар сараланып, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, Бейбіт Исабаев өңірдегі ауыл шаруашылық саласын өркендетіп отырған серіктестіктердің жұмысымен танысты.