Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, Талдықорғанда ардагерлер дөңгелек үстелде бас қосты. Онда Отанына қайта оралмаған батырлардың ерлігі жайында айтылып, зұлмат соғыстың көзін көргендер құрметке бөленді. Сонымен қатар, жиында өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде өлшеусіз үлес қосып жүрген біршама азаматтар марапатталды.