Былтыр Қаратал ауданында қант қызылшасы 1106 гектарға егіліп, 37,6 тонна өнім өңдеу зауытына өткізілді. Ал биыл тәтті түбірді 1500 гектарға себу жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артық. Бұл жайында Қаратал ауданының әкімі журналистермен кездесуінде мәлімдеді. Ұлан Досымбековтың айтуынша өңір өткен жылға жүктелген әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерді толық орындап шықты.