Биыл Талдықорғанның облыс орталығы болғанына 20 жыл. 2001 жылы мемлекет басшысының жарлығымен, Талдықорған жер жаннаты Жетісудың орталығы болып бекітілді. Осы жылдар аралығында шаһар көгерді, көркейді. Зәулім ғимараттар, жаңа ықшам аудандар бой көтерді. Атаулы күнге орай Жастар саябағында кәсіби және әуесқой суретшілердің пленэрі өтті.