Бүгін – халықаралық театр күні. Киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді бұл күнді. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры да атаулы күнге орай салтанатты шара өткізді. Мәдениеттің ошағы саналған мекемеге облыс әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев арнайы барып, сала өкілдерін құттықтап қайтты.