Бұқара бұралқы иттен зәрезап болды. 2023 жылы өңірде 800ден аса адамды ит жарақаттаған. Мамандар 317 иесіз жануардың қауіптілігін анықтап, дәрімен ұйықтатқан. Ағымдағы жылы қаңғыған ит-мысықпен күреске 172 млн теңге бөлініп отыр. Бұл іске 10 мердігер компания жауапты. Жыл басынан олар облыс аумағында бір жарыим мыңдай ит аулаған.