Цифрлық теңге – аңыз емес ақиқат. Қолданысқа енді. Еліміздің Ұлттық банкі қызметкерлеріне жалақыны цифрлық теңгемен төлеп жатыр. Бір жылдан соң жалпы халықтық қолданыста болады. Цифрлық теңге не үшін қажет? Оның электронды ақшадан не айырмашылығы, қандай артықшылығы бар? Астанада ҚР Ұлттық банк өкілдері арнайы баспасөз-мәслихатын өткізіп, осы сұрақтарға толық жауап берді.