Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталғанын еске салады. Бұл жолы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Декларацияда жеке тұлға барлық шетелдік активтері, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, шетелдік банктегі қаржылары, цифрлық активтер, биткоиндер болса көрсетуі керек. Оған қоса 34 жарым млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақша бар болған жағдайда қағазда көрсетілуі маңызды.