Демалыс күндері қала күні тойланды. 8 маусым — Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болып бекітілгеніне 2 жыл толды. Айтулы күн ауқымды түрде өтті. Орталық алаңда жаңа форматтағы «Aspan fest» фестивалі ұйымдастырылып, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.