Талдықорғанда Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив жанрындағы шығармалар сайысының үздіктері анықталды. Бүгінге дейін бес рет өткен байқау көпшілікке жақсы танымал. Осы доданың арқасында талай жазушы, журналист, заңгер, құқық қорғаушылар детектив жанрында қалам тербеп, жарыстың тартысты өтуіне үлес қосты. Сондай-ақ жас қаламгерлердің жаңа қырынан танылуына мүмкіндік туғызды. Ал, биылғы бәсекеде қай туынды алға шықты, кім жеңімпаз атанды?