Өнер алды қызыл тіл. Алматы қаласында «Ділмар» II республикалық студенттер арасындағы шешендік өнер байқауы басталды. Аузымен құс тістеген сөз мергендер байқауына еліміздің 14 өңірінен іріктеліп келген қатысушылар өзара бақ сынасты. Күні кешегі тілінен тікен тайдырған әйгілі би шешендердің ізін басқысы келтетін бүгінгі жастардың қарқыны қалай? Тілшіміз Құрманжан Қасымжанұлынан білейік.