Дипломмен ауылға баратын жастар үшін жағымды жаңалық. Енді аудан орталығына да көшіп барып, қызмет ететін мамандарға мемлекеттік қолдау зор. Қаңтардан бастап, көрсетілген бюджеттік несие мөлшері ұлғайтылды. Бұл мүмкіндікті елдегі 3600 маман пайдалана алады. Нәтижесінде кадр тапшылығы да едәуір төмендейді.