Жетісу облысының диқандары соқа-саймандарын сайлап, көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 7 мың гектарға ұлғаяды. Сондай-ақ, майлы дақылдарға басымдылық беріледі. Ал, қант қызылшасы мен мал азығының егіс көлемі де ұлғайтылмақ.