Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті ХV сессиясы өтті. Күн тәртібінде маңызы бар 4 сұрақ қаралды. Қатарында тегін медициналық көмектің кепілдігі мен Алматы облысының кейбір елді мекендерінің атауын өзгерту туралы мәселесі талқыланды. Жиынға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбарасы Нұрлан Әбдірахым арнайы қатысып, өз пікірін білдірді.