7 мамыр — отан қорғаушылар күні. Бұл тек ер-азаматтардың ғана емес жалпы қазақ халқының мерекесі. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар қашан да құрметке лайық. Солардың бірі 58012 әскери бөлімінің батальон командирі Ердос Дәуренқұлов. Оның әскери салада жүргеніне 17 жылдан асқан.