Жетісу облысында 268 адам туберкулез ауруына шалдыққан. Жыл басынан бері 60 жағдай тіркеліпті. Екеуі бала. Мамандардың айтуынша соңғы кездері аурудың белгілері асқынған ға дейін байқалмайтын болған. Елімізде туберкулез дертінің алдын алу айлығы басталды. Сондықтан бүгін қала тұрғындарына өкпе флюорографиясына түсу мүмкіндігі тегін ұсынылды.