Табиғи апат салдарынан еліміздің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі жалғасуда. Оның салдары мен алдын алу үшін 30 мыңға жуық адам мен 4 мың техника бірлігі, 14 әуе кемесі жұмылдырылған. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осындай ақпаратпен бөлісті. Оған қоса, ел азаматтары мен су астында қалған облыс тұрғындарына арнайы мәлімдеме жасады.