1 наурыз — алғыс айту күнінде елорданың Достық үйінде дөңгелек үстел өтіп, оған өңірлер телекөпір арқылы қатысты. Барысында Астаналық қос көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бұл ҚХА-ның бүгіннен бастау алған «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында табысталған алғашқы қайырлы іс. Енді жыл соңына дейін жүрегі мен ітлегі бір жандар мұндай игі істерді жалғастыра бермек.