Ардагер аналар ардақталды! 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысындағы бірнеше еңбек ардагеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауы жетті. Ардақты аналарға Ақ ордадан жеткен ақ сәлемді облыс әкімі Марат Елеусізұлы табыстады.