Фермерлерді қолдау үшін Агрокредиттік корпорация ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «Кең дала-2» жаңа бағдарламасы бойынша несие бере бастады.Бұл мақсатқа мемлекеттен 580 миллиард теңге қарастырылған. Жетісу облысының фермерлері көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікпен қарыз ала бастады.