Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Биыл ел біріншілігіне 13 команда қатысып жатыр. Бұл тізімде аймақ халқының үмітін арқалаған Жетісу клубы да бар. Жерлестеріміз 3 турда сырт алаңда Атырауды жеңді. Енді Алматының Қайратына қарсы дайындалып жатыр.