Халық ішер суға жарымай отыр. Талдықорғандағы жастар 1/1 жаңа шағын ауданында су жоқ. Айтуларынша алты жыл бұрын бой көтерген елді мекенде инфрақұрлым жүргізілмеген. Тек өткен жылы халықтың сұрауы бойынша жарық желісі жасалыпты. Ал үй-үйде ауыз су қашан болатыны әзірге білгісіз.