Бүгін Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен бекітілген. Басты мақсат — адамдарды ең жақын деген жандарына көңіл бөлуге шақыру. Көпке үлгі болып, энергетика саласында елеулі еңбек еткендердің бірі — Сүлейменовтер жанұясы. Табандылықтары арқасында бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр.