Хостелдердегі өрт қауіпсіздігі назарға алынды. Естеріңізде болса 30 қарашада Алматыдағы хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам көз жұмған болатын. Елімізде апат болған сайын қордаланып қалған проблемалар шығып жатады. Өкініштісі, солардың барлығын халық та, БАҚ-та айтып жүр. Жетісулық төтенше жағдай қызметкерлері апаттың алдын алу үшін әр түрлі профилактикалық іс-шара жүргізіп жатыр. Тұрғындармен кездесіп, өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертуде.