Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция 22 трлн теңгеден асады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 22%-ға артық. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осындай болжам жасады. Жалпы болжамына негіз бар. Өйткені шетелдік 37 компания Қазақстанға көшіріліп жатыр. Оның үстіне инвесторларға ел үкіметі қолайлы жағдай жасамақ. Бірі «жасыл дәліз» жүйесі болса, бірі «Бірыңғай терезе» жобасы болмақ.