Энергетиктер күні – кәсіби мерекелердің бірі. Атаулы күнге орай Алматы облысының орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Онда өңір энергетикасының дамуына елеулі үлес қосып, сүбелі еңбек еткен сала мамандарын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов құттықтап, бір қатарын марапаттады.