Көксу ауданындағы Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның футбол алаңы толық жаңартылды. Ол еуропа футбол қауымдастығы УЕФА-ның барлық талабына сай. Жасанды жасыл төсенішпен жабылған алаңның ашылу рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы барды. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының басшылығы, ұлттық құрама жетекшілері келді.