Көксудағы қос қуаныш. Балпық би кентінде Ырысхан Дүзелқызының «Ақ апаның арманы» атты кітабының тұсауы кесіліп, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестіктің аудандық филиалының ашылу салтанаты мағыналы да мазмұнды леппен өтті. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған бұл іс – шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен сексенге аяқ басқан автордың оқырмандары, ұрпақтары, туыс — туғандары қатысты.