Күні кеше Панфилов ауданы, Пенжім ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды. Абдулла Розыбакиев атындағы мектептің 9-11 сынып оқушылары өзара сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Түнгі қақтығыс салдарынан 16 жастағы жасөспірім бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты.