«Менмін» деген жастар назарына! 1- наурыздан бастап ел өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру. Үміткерлер 35 жастан аспаған, жоғары білімді болуы шарт. Еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Кандидат дәл осы кезеңде жұмыссыз болса соңғы жұмыс орнынан қызметін анықтама ұсынуы керек. Жалпы, құжаттар 7 салалық бағыт бойынша қабылданады.