Сергелдеңге салған кәріз суы. Өңірдің туристік әлеуетін арттырып тұрған Көлсай көліне лас су құйылып келген. Себеп мұнда кәріз суларын құятын арнайы полигон жоқ. Бұл мәселе аймақта 8 жылдан бері бар көрінеді. Жыл сайын қонақ үйлер мен мейрамханалар да көбейіп жатыр. Тұрғындар бұлай жалғаса берсе табиғатқа тиер зардап орасан болмақ – деп дабыл қағуда.