«Ауыл аманаты» жобасы — мал басын көбейтіп, жеке кәсіп бастағысы келетіндерге керемет мүмкіндік. Жоба қарқынды. Былтыр 616 жан қатысуға өтінім білдіріп, оның 534-і 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Нәтижесінде шалғайдағы қараша екі қолға бір күрек тауып, ісін бастап жатыр.