«Анаға арнап ән салам»! Дәл осындай атпен оқушылар сарайында салтанатты қабылдау өтті. Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған шараға өңіріміздің барлық білім беру мекемесінің ұстаздары жиналды. Кәсіподақ жұмысын жандандыруға белсене араласқан педагогтар марапатталды.