Аграрлы аймақ — Кегенде ауылшаруашылығын қолдау бағдарламалары қарқын ала түспек. Әсіресе, су үнемдеу технологиясын енгізем деген шаруаларға жеңілдік жетерлік. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тұрғындарымен кездесуінде айтты. Әрі аймақ басшысы бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралап көрді.