Саяси науқан өз мәресіне жетті. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет елімізде пилоттық режимде 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қала әкімдерінің сайлауы өтті. Тізімге енген өңірлер қоғамдық-саяси жағдайға және тағы басқа талаптарға байланысты таңдап алынған. Халықтық таңдау форматындағы сайлауға 164 кандидат қатысты. Олардың арасында 69 үміткерді саяси партиялар, 95-і өзін-өзі ұсынған. Орта есеппен бір орынға 3 үміткерден келді. Жетісу облысындағы Кербұлақ және Сарқан өңірінің тұрғындары да таңдауын жасады.