Кербұлақ ауданында Бақжан есімді ерекше бала бар. Көркемсурет өнеріне талпынысы жоғары. Таңнан қара кешке дейін сурет салуға бар. Адамдардың бет-әлпетін ақ қағазға айнытпай түсіреді. Орыс, ағылшын тілдеріне жетік. Есте сақтау қабілеті де жоғары. Тарих, география пәндерінде ел мен жер атаулары мен тарихи даталарды тез жаттайды. Ата-анасы баласының талап-талантын ұштау үшін үлкен қалаға көшіп келуге дайын. Кәсіби сауатты көмек-қолдау болса, Бақжанның болашақта өнер саласында бағы жанар деген үміті бар.