Кешенді газдандыру үрдісі үздіксіз. Жетісу облысында елді-мекендерді табиғи газбен қамту жұмысына қыс та тосқауыл емес. Биыл Көксу ауданында 12 ауылды көгілдір отынға қосу жоспарда. Жалпы, алда тұрған жұмыс ауқымды. Аймақ бойынша газдандыруға жататын 190-нан аса ауылдың, бүгінге тек 31-і газ тұтынып отыр. Биыл облыс бойынша 460 шақырым құбыр тартып, 22 ауылды өркениет игілігіне қосу жоспарда.